Азиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орын алды

Қазақстандықтар үшін Азиада ойындары сәтті аяқталды. Қоржынымызға жалпы 32 медаль түсті. Оның 9-ы алтын,  11-і күміс, 12-сі қола медаль. Жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғастық.

Азиада, жабылу салтанатыБүгін Азиадада өнер көрсеткен спортшыларымыз Саппородан елге аттанды. Естеріңізге сала кетейік, жалпы есепте бірінші орынды Азиада ойындарын ұйымдастырған Жапония елінің өкілдері жеңіп алды. Олардың еншісінде 74 медаль (27 алтын 21 күміс, 26 қола) бар. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары қанжығасына байлады. Олардың қоржынында 50 медаль (16 алтын, 18 күміс, 16 қола) бар. Ал үздік үштіктен көрінген Қытай елінің қоржынында жалпы 33 медаль (12 алтын, 14 күміс, 9 қола) бар.

АзиадаЖалпы VIII қысқы Азиада ойындарына 29 мемлекет спортшылары 64 медальдар жиынтығын сарапқа салды.

ДереккөзInform.kz