Осы жылдың 17 қаңтарында Астанада ҚР Парламентінің қос палатасының біріккен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауын жолдады. Бұл жолы Президент Жолдауын алғаш рет Тәуелсіздік Сарайында жолдады.
1997 жылдан бері бұл Жолдауы Президенттің Қазақстан халқына стратегилық Жолдауларының 18-іншісі болды.
Мемлекеттің ішкі, сыртқы ахуалына сараптама жасап, бағыт-бағдарын айқындап, әлемде болып жатқан құбылыстарға баға беретін Президентінің халыққа Жолдауын қазақстандықтар жыл сайын ерекше ықыласпен күтетін саяси өміріміздің елеулі көрінісіне айналды. Осы тұрғыдан қарағанда, биылғы Жолдаудың жылдағыларға қарағанда ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік жаһандық экономикалық кеңістіктегі орын алған дағдарысты жағдайды еңсеруде қандай бағыт ұстанатындығымызбен байланысты. Осы орайда қоғамды толғандырып отырған бірнеше сұрақтар туындауда: Дағдарыстан шығудың жолы бар ма? Бұрынырақ қабылданған әлеуметтік бағдарламалар жалғасын таба ма? Алға қойған мақсат-міндеттеріміз
қандай? Бағыт-бағдарымыз айқын ба?
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылы Қазақстан халқына Жолдауында осы сұрақтарға толық жауап берілді, халықтың рухы көтеріліп, сенімі тұрақтандырылды деуге негіз бар. Өйткені биылғы жолдау-үндеуде барша әлемді алаңдатып отырған күйзеліс кезеңінен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы жолдарынан ширығып шығудың жолдары қарастырылған. Президент өз Жолдауында бүгінгі қалыптасып отырған экономикалық дағдарысқа, оның елімізге тигізіп жатқан әсеріне, соған байланысты Үкіметтің атқарып жатқан шараларына қатысты бірқатар мәселелерді жан-жақты баяндап берді.
Тұтастай алғанда, Жолдаудың басты мазмұны – дағдарыс жағдайына қарамастан, еліміздің стратегиялық басымдықтары өзгеріссіз қалатындығында жатыр. Әйтсе де, дағдарыстың әсерін ескере отырып, қабылданған жоспарларға, түрлі бағдарламаларға кейбір өзгерістер енгізілетін болады, бұл жағдай мемлекет саясатындағы әлеуметтік басымдықтарға кері ықпалын тигізбейді.
Аталған құжаттағы көңіл бөлетін мәселелердің бірі – дағдарыс уақытында елдің дамуының ішкі резервтерін кеңінен пайдалану, яғни тиімді мемлекеттік саясат жүргізу, барлық деңгейдегі шенеуніктердің бірдей жауаптылығын және қоғамның өзара ынтымағы мен бірлігін арттыру.
Біздің болашағымыз үшін ең басты мәселе – елдегі әлеуметтік тұрақтылық. Осы орайда Елбасы өз Жолдауында бұған дейін айтылған барлық әлеуметтік қолдаулар толығымен орындалатындығына сенім білдірді. Президент оларды қалай игеру жөнінде, халық арасында
жұмыс ұйымдастыруда Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды. «Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделін әзірлеп, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізуді тапсырамын. Ол денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын — 28 пайызға дейін, білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді», — деді.
Сондай-ақ, Елбасы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуы тұрғысындағы әлеуметтік жәрдемақылары көлемін 25 пайызға арттыруды тапсырды.
«Мүгедектер бірлестігінің құқықтық базасының қызметін жетілдіру керек. Атап айтқанда, олармен барлық мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту қажет, яғни Үкіметтен бастап жергілікті әкімге дейін», — деді Президент.
Н. Назарбаев өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан еш кедергісіз аймақ болуы тиіс екенін қадап айтты.
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 15%, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 15% арттырылады. «Үкіметке келер жылдың шілде айынан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы жолдарынан корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысын он бес пайызға дейін арттыруды жүктеймін. Ал 2016 жылдың шілдесінен тағы он бес пайызға артатын болсын», — деді Назарбаев халыққа жасаған баяндамасында.
Президент бұған дейінгі сапалы білім алуға ниеттенген ізденушілерді қолдау мақсатындағы шәкіртақыларды 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейетіндігін еске алып, Үкімет 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға көтеретін болады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселесін зерттеп, зерделеген жөн», — деді Елбасы.
Әйтсе де, атқарылып жатқан ауқымды шаралармен қоса, Жолдауда дағдарыс кезеңінде және одан кейін еліміздің дамуының басым бағыттарын белгілейтін жаңа жоспар қабылау ұсынылды. Алдағы екі жылда экономиканы жаңғырту және еңбекпен қамту стратегиясын жүзее асыруға 600 млрд. теңге жұмсаады. Яғни, шикізат саудасынан түсетін түсім бұрынғыдай Ұлттық қорға аударылмай, ұлттық экономикамызды жаңғыртуға жұмсалады. Бұл уақытша, бірақ қажетті шара қазіргі кездегі қолымызда бар қаржылық қорды, яғни, 47 млрд. АҚШ долларын сақтауға мүмкіндік береді. Дағдарыс ұзаққа созылған жағдайда бұл қаражат тұрақтылығымызға кепіл болып тұрады.
Қаржылық қиындықтан аз шығынмен шығудың тағы бір жолы ретінде бюджеттің барлық баптары бойынша қатаң үнем жасау және қаржы жұмсауға мұқият болу қарастырылған. Осыған орай, Елбасы Үкіметке ел бюджетінің шығындарын оңтайландыруды және апталық мониторинг режімінде бюджет қаржысының жұмсалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көптеген мәселелермен қатар, халықты жұмыспен қамту жайына да ерекше назар аударды. Ел экономикасын арттырудың да, әлеуметтік ахуалды сауықтырудың да ең басты жолы – еңбек жасындағы адамдардың экономикалық бастамашылдығын арттырып, іскерлік қабілетін танытуына жағдай жасау, жұмыссыздықты жою. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында еліміздің жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта оқыту мен қайта дайындауға бағытталмақ, яғни бұл мақсатқа миллиардтаған теңге жұмсалуы жоспарланған. Мемлекеттің қоғамдық жұмыстарды қоспағанда кем дегенде 350 адамға жаңадан жұмыс орындарын ашып беруге мүмкіндігі бар. Жаңа жұмыс орнын жасау, қоғамдық қызметтер көбейту өңірлік дамуға да оң ықпал етпек. Еңбек рыногын дамыту мәселесі коммуналдық желілерді ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы жолдарынан жөндеу, тас жолдар төсеу, мектептер мен ауруханаларды жаңалау арқылы шешімін таппақ.
Әрине, ғаламдық қаржылық-экономикалық дағдарыс әкелген қиындықтарды уақытша құбылыс ретінде қабылдап, соған қарамастан, отандық экономиканы жаңғырту мен базалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру шарт. Осы мәселеге де Жолдауда айрықша көңіл бөлінген. Соның ішінде, ең алдымен болашағы бар инвестициялық жобалар қаржыландырылатындығы көзделген.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті өнімдерді мол өндіріп, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін тұрақты түрде толықтырып отыратын рентабельді салаға айналдыру міндетін қойды. Осы шаралар арқылы біз бір уақытта екі маңызды міндетті шеше аламыз. Оның біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортты әртараптандыру. Осылайша, экономиканың өзге салалары сияқты агроөнеркәсіп саласы да бәсекелестікке қабілетті бола алады. Бұл бір жағынан ауылдағы көңіл күйді жақсартады, ауылдықтар жұмыспен қамтыла бастайды, екінші жағынан, ауылдың кейпін көркемдеуге мүмкіндік туады. Бізде қазір төрт мыңдай ауылдық елді-мекен бар, онда халқымыздың 47 пайыздайы тұрады, ендеше, бұл – біздің келешегіміз, игі бастама.
Сонымен бірге, биылғы Жолдауда жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге мән берілген. Егер де, сол өңірдің дамуына және мемлекеттің экономикалық өсуіне қажетті өндіріс орын-дары жергілікті жерлерде бүгін жоқ болса, оларды ашу жайы, сол арқылы бизнестің мүмкіндігін арттыру мәселесі де айтылды. Әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі жұмыстар табанды жалғастырылуда. Ал бұл жұмыстардың өңірлерде тиімді атқарылуының жауапкершілігі жергілікті әкімдердерге жүктеледі.
«Үкімет ағымдағы жылдың 1 тоқсанының соңына дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын орналастыру, инвестициялау және салу мерзімі бойынша мәселелерді шешуі керек» — деді Қазақстан Президенті. Бұл ретте Қазақстан Президенті газ, мұнай сынды табиғи отынға бай елде атом электр стансасының неліктен қажет екендігін де тарқата айтып берді. Үкімет қолға алатын шаруаларды халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін
баса айтты. «Болашақ атом электр стансасында», — деді Елбасы.
«Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналма-ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы жолдаyуы тиіс. Бүгінде әкім жұмысын бағалау миллиондаған құжатқа айналды. Мен Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрліктерінде қанша құжат айналымы болып жатқандығы туралы айтқан болатынмын. Осы мәселені қараңдар да, бұл қағаздың барлығын жойыңдар.
Осы қағаздардың ар жағында кабинеттерді иеленіп отырған адамдар отыр. Үкімет аппараты Президент аппаратымен бірге осы бағытта жұмыс істеуі қажет», — деді Президент.
Жалпы, кез келген қиыншылықтың пайдалы жақтары да болады, биылғы Жолдауда көпшіліктің ойында жүрген, осы уақытқа дейін тиісті мән берілмей келе жатқан мәселелер айтылып, оларды шешудің жолдары көрсетілген. Дег енмен, жоғарыда қарастырылған мәселелер, көп жағдайда халықтың өз қолымен өзі үшін жасалатын, қандай дағдарыс немесе қиын жағдай болып жатса да өз дәрежесінде атқарылатын жұмыстар. Осы орайда басты мәселе – әр жеке тұлға салқынқандылық танытпай, масылдыққа бой алдырмай, өз мүмкіндігін пайдалана біліп, бар күш-жігерін жұмылдыра алуында.
Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткендігін атап өткен Мемлекет басшысы: «Соның ішіндегі ең басты мақсат – елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады»,- деді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», — деді мемлекет басшысы.
