Астанада жыл соңына дейін көпқабатты үйлердегі 63 лифт ауыстырылады

Жирентаев көшесіндегі (14, 20/1, 22/2) мен Жұмабаев 1, Күмісбеков 6, Қажымұқан 26, 28 үйлерде лифтілерді жөндеу және жаңадан ауыстыру бойынша жұмыстары басталды. Аталған үйлердегі ескі лифтілер жыл соңына дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауыстырылмақ.

Тұрғындар оған қаржыны мемлекеттің есебінен пайдаланды. Осындай жолмен ескі лифтілерін ауыстырғысы келген тұрғындар «Өркен қала» бағдарламасының операторына құжат тапсыруы керек. Ары қарай келісімшарт бекітіліп, мердігер таңдалады. Барлық жұмыс тұрғындардың бақылауымен өткізіледі. Егер мемлекеттен қаржыны 15 жылға алса, орта есеппен алаңына байланысты әр пәтерге 2 мың теңгеден шығады.

Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша 63 лифт ауыстырылады. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы барлық лифт шаруашылығын тексеруді және тәртіпке келтіруде кешенді шара қолдану керектігін тапсырған болатын. Бүгінде Астанада 6 577 лифт тіркелген. Оның 4 879 лифтісі тұрғын үйлерде, әкімшілік ғимараттарда 1 728 тіркелген.