Астанада фармацевтикалық зауыт салынады

«Бүгін инвесторлармен Астана қаласында фармацевтикалық зауыт салу туралы меморандумға қол қойдық. Шетелдік инвестиция көлемі 95 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада.

Қала басшысы келтірген мәліметке сүйенсек, жоба аясында 550 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, зауыт дәрілердің сан түрін шығаратын болады, оның ішінде онкологиялық ауруларға қарсы дәрілер де бар.