Астананың ең жас суретшісі анықталды

«Біздің Отанымыз — Мәңгілік Қазақстан»  жас суретшілер  конкурсы  қаладағы көркемөнер мектебінің оқушылары арасында өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен байқауды Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

«Жыл сайын өткізілетін қалалық байқаудың мақсаты-жас ұрпақтарды патриоттық рухта тәрбиелеу, таланатты балаларға қолдау көрсету және оларды ынталандыру арқылы шығармашылығын дамыту, жаңа жасампаз идеяларды іске асыруға себепкер болу», — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Шығармашылық байқауға түрлі жас санаттарында қаланың 77 жас суретші өнер мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурстың ең жас жеңімпазы   — 9 жасар Адина Намазалы. Тағы бір жеңімпазы  Сатывалдеева Ақмарал — 11 жаста.

Жасөспірімдер тобындағы Әубәкірова Жақет, Матьевич Татьяна жоғары санатты жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.