Бүгін Индустрияландыру күні өтеді

Телекөпір барысында еліміздің әр аймағында жаңа зауыттар мен фабрикалар сынды бірқатар жаңа озық технологиялы өндіріс орындары іске қосылады.

Соңғы 7 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 5 жарым трлн теңгеге мыңнан астам жоба қолға алынып, 101 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал соңғы 9 ай ішінде 800 млрд теңгеге 52 жоба іске қосылып 4 жарым мың азамат жұмысқа орналасты.

Бүгінде әлемнің 112 мемлекетіне қазақ тауарларын жөнелтіп отырмыз.

2017 жылдың соңына дейін шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылып құны 700 млрд теңгенің 80-нен астам жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Дереккөз24.kz