Бұланды ауданында жылуизоляциялық материалдар шығаратын зауыт ашылды

«Politerm» ЖШС жылуизоляциялық материалдарды итальяндық инновациялық технологияны қолдану арқылы өндiретiн бiрегей жоба — жылына 34 мың тонна өнiм өндiруге қауқарлы.

«Бүгiн Бұланды ауданында жаңа зауыт ашылды, бұл өндiрiс орнында 100 ден астам жергiлiктi тұрғын тұрақты еңбекпен қамтылатын болады. Кәсiпорын мемелкеттiк қолдау арқылы жеке инвестицияға салынды. Зауыт аймақтың өндiрiс саласын одан әрi дамуына өзiндiк серпiн бередi»,-дедi Мәлiк Мырзалин зауыттың ашылу салтанатында.

Серiктестiк басшыларының айтуынша, өндiрiс орнының өнiмне деген сұраныс қазiрдiң өзiнде жоғары көрiнедi. Бүгiнгi күнi мұнда Ресей және ел iшiндегi кәсiпорындармен бiрқатар келiсiм жасалған. Мұнда шығарылатын өнiм құрылыстың барлық саласында қолданылады. Кәсiпорын тұтастай итальяндық жаңа қондырғымен жабдықталған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да