«Patriot Qazaqstan» жобасының жеңімпазы анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бокс бәсекесінде 16 спортшының арасынан Мирас Ертанов топ жарды.

«Бұл жоба ауыл жастарының үлкен рингке шығып, биік белестерді бағындыруына жол ашады», – дейді мамандар.

Ол енді Лас-Вегастағы Фредди Роучтың бокс залына барып білікті мамандардан тәлім-тәрбие алады.

Мирас Ертанов, жоба жеңімпазы: Әрбір боксшының мақсаты – ұлттық құрамаға іліну. Ұлттық құрамадан біртіндеп үлкен жарыстарды көріп, Азия, әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарына бару. Осы күнге жеткізген өзімнің жаттықтырушыларыма алғысым шексіз.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:  Ниеттеніп, шынығып жүрген ауылдың қарапайым азаматтарын, саламатты өмір салтын насихаттай алатын жастарды сол жаққа жіберіп отырмыз. Соның үздігі жаңа ғана анықталды. Қаратал ауданының тумасы. Бұл жоба ары қарай жалғасады деген ойдамыз.

Дереккөз24.kz