Зерттеушілердің айтуынша, адамдар жыл сайын жатын орындарында шамамен 26 галлон тер шығарады.
Ыстық күндері ылғал болған төсек жаймалары микроорганизмдердің көбеюі мен өсуіне қолайлы орта болады.
1,5-20 жыл бойы пайдаланылған қауырсынды және синтетикалық жастықтарда саңырауқұлақтардың 17 түріне дейін кездесетін көрінеді.
Төсек-орындарда кездесетін микрорганизмдердің ішінде адам денесінде кездесетін саңырауқұлақтар ғана емес, үй жануарларының жүнімен, шаң-топырақпен келетін микроорганизмдер де болады.
Бір аптаның ішінде жиналған микроорганизмдердің өзі адамда аллергиялық реакциялар тудыруға жеткілікті. Содан кейін тамақтың ауруы, демікпе және түшкіру сияқты белгілер болуы мүмкін.
Мамандар сол себепті түрлі аурулардың алдын алу үшін жоқ дегенде аптасына бір рет төсек-орын жапқыштарын жуып отыруға кеңес береді.