Facebook балаларға арналған қосымша шығарды

Енді ата-аналар балаларының планшеттеріне не смартфондарына Messenger Kids атты қосымшаны орнатып бере алады. Мұнда профиль ашып, сөйлесуге ашық қолданушылар тізімін жасауға болады. «Үлкендерге» арналған фейсбуктен айырмашылығы онда міндетті профиль мен телефон нөмірін талап етпейді. Балаларға басты мессенджер рұқсат еткен контактілер де жаза алады.

Арнайы сүзгілер тыйым салынған материалдарды жіберу мен қабылдаудан сақтайды. Ата-ана мессенджерді, ондағы достардың тізімін өз аккаунты арқылы бақылайды.

Дереккөзbaq.kz