Көкшетауда жаңа автобустар қолданысқа беріледі

«Вираж» компаниясының коммерциялық директоры Ермек Ескергенов жаңа өнiмнiң артықшылықтарына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, «ГАЗ» автобустары датчиктер, ақпарат тақтасы, навигаторлармен жабдықталған. Жаңа көлiк құралдарының құны сыйымдылығына қарай 30-дан 42 миллион теңге аралығында. Сондай-ақ, автобустар мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн қолайлы. Жаңа көлiктердiң алғашқы легi Мәскеуден Алматы мен Ақтөбе қалаларына жеткiзiлмек. Транспортты кредитке, лизингке алуға болады. Автопарктi жаңарту уақыт талабы екендiгiн атап өткен қала әкiмi Е.Маржықпаев кәсiпорын басшыларына жаңа автобустарға тапсырыс беру қажеттiлiгiн ескерттi.