Көкшетауда «Ашық есік» күні болып өтті

Онда өңiрдiң бiрқатар басылымдары өз оқырмандарға жарияланымдарын ұсынып, келесi 2018 жылға жазылуға шақырды. Шараға «Көкше- media» жауапкершiлiгi шектеулi серiктесiне қарасты қалалық «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерi де қатынасты.

Қалалық газет қызметкерлерiне тұрғындар Көкшетау қаласындағы соңғы жылдарғы салынып жатқан тұрғын үйлер, кеңейтiлiп, жөнделiп жатқан жолдар мен жаяу жүргiншi жолдары, жарықтандыру, көптеп ашылып жатқан спорт, ойын алаңдары, скверлер үшiн риза екендiктерiн жеткiздi. Қаланың өсу даму бағыты, атқарылу үстiндегi, болашақта атқарылатын iстер, әртүрлi жаңалықтарды осы екi қалалық газеттер беттерiнен оқып, бiлетiндерiн айтты.

Тұрғындармен пiкiр алмасып, олардың газет беттерiнен тағы қандай тақырыптардағы мақалаларды оқығылары келетiндiктерi жөнiнде сұрап бiлiп, талқылағаннан кейiн әр газет өзiнiң үш оқырманын келесi жылға тегiн жазып, сыйлық жасады. Олардың бiрi Бұзаубаева Қалия болды. Ол педогогика саласында ұзақ жыл еңбек етiптi. Зейнеткерлiкке шыққанына 5 жыл. Көзi ашық, көкiрегi ояу жан басқа жаңалықтарға қоса қаланың да тыныс-тiршiлiгiмен таныс болғанды қалайды. Екiншi тегiн жазылуға ие болған Рашида Қазбекова. Ол да ұзақ жылдар құқық қорғау саласында жемiстi еңбек еткен, көзi қарақты оқырман. Жоғары бiлiмдi дәрiгердi қоғамдағы өзгерiстердiң, ғылым мен техниканың жетiстерiнiң бәрi қызықтырады. Әсiресе, өңiр тарихы, ел таныған үлкен азаматтардың өнегелi iстерi мен пiкiрлерiн оқуға құштар.

Осылайша, «Ашық есiк» күнi газеттер қызметкерлерi мен оқырмандар өзара пiкiр алмасып, пошта қызметiмен, оның қызметкерлерiмен кеңесiп, тиiмдi өттi.