Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық ауыратлет...

Қазақстандық ауыратлет Фаина Сиванбаева өмір бойына спорттан шеттетілді

Оған мұндай жазаның қолданылуына бір антидопинг ережесін үш рет бұзуы себеп болыпты. Сиванбаева допинг қолданғаны үшін алғаш рет 2012 және 2014 жылдары жарыстарға қатысу құқығынан айырылған екен. Кейін спортқа қайта келген ол ұлттық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысады. Дегенмен, 2015 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Азия чемпионаты кезінде алынған «А» сынамасы арқылы спортшының ағзасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды.

Кейін Алматыдағы спортшылардың допингке қарсы зертханасы спортшының ағзасынан 2015 жылдың 5 қазанында Қазақстан Спартакиадасы кезінде алынған сынамадан да тыйым салынған заттар тапты.

ДереккөзTengrinews.kz