Қазақстандық ауыратлет Фаина Сиванбаева өмір бойына спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына кез келген деңгейдегі спорт шараларына қатысу құқығынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Оған мұндай жазаның қолданылуына бір антидопинг ережесін үш рет бұзуы себеп болыпты. Сиванбаева допинг қолданғаны үшін алғаш рет 2012 және 2014 жылдары жарыстарға қатысу құқығынан айырылған екен. Кейін спортқа қайта келген ол ұлттық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысады. Дегенмен, 2015 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Азия чемпионаты кезінде алынған «А» сынамасы арқылы спортшының ағзасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды.

Кейін Алматыдағы спортшылардың допингке қарсы зертханасы спортшының ағзасынан 2015 жылдың 5 қазанында Қазақстан Спартакиадасы кезінде алынған сынамадан да тыйым салынған заттар тапты.

ДереккөзTengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 100 келіден аса героинді тәркіледі

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті.

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі гран-приде үшінші жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті.

Биыл 1 миллион қазақстандықтың жалақысы 12%-ке өсті

Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ке өсті. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.

Биыл көпбалалы отбасылар 66,9 миллиард теңге жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 миллиард теңге. 

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

25-27 наурыздағы доллар бағамы қанша?

Ұлттық банк шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы қанша болатынын жариялады. Kurs.kz дерегі бойынша, демалыс күндері және дүйсенбі күні 1 доллар бағамы 457,29 теңге болады. Ресей...