Елбасы – ұлт мақтанышы

Атап айтқанда, 16 қараша күні «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты авторлық әндердің кеші өткізілген. Конкурста көкшетаулық композиторлар – Құмарбек Қалқатаевтың, Ерлан Ташевтың, Ақбай Беймолдина мен Жанатқазы Дәмелқазының «Қазақстан», «Отан», «Жаса, жайна, Астана», «Сүйікті Көкшетауым» сияқты әндері шырқалған. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталған.

Ал 17 қарашада «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Мұнда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Күләш Нысанбек гран при иегері атанды.

Сондай-ақ, қалалық кітапханада «Тәуелсіз Ұлт көшбасшысы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылған. Мерекенің басты мақсаты — патриотизмді қалыптастыру, мәдениетке, өткен тарих пен қазақ халқының мұрасына құрмет пен қызығушылықты ояту. Мұнда «Бұлақ» клубының мүшелері, №22 мектептің 5 «а» сынып оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Атап өту керек, іс-шара барысында бейнефильмдер, «Н.Ә.Назарбаевтың өмір хронологиясы» слайды көрсетілген және де «Ұлт Көшбасшысы» кітаптар мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылған.

«Менің Қазақстаным» рельефтік композициясының маңында 28 қараша күні «Ұлт мақтанышы — Елбасы» патриоттық акциясы өтті. Елбасы күнін мерекелеуге арналған салтанатты рәсімге қаланың еңбек ұжымдарының өкілдері, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ЖОО-ның студенттері қатысқан.

Ал іс-шараға КТИ курсанттары, Көкшетаудың шығармашылық ұжымдары: «Асыл мұра» би ансамблі, «Арай» халықтық ансамблі, «Арна», «Бурабай» колледждері мен №14, №21 мектептерінің би ұжымдары қатысты.