Тұңғыш рет саятшылардың «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді

«Ақмола облысында жыл сайын атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне «Қансонар» саятшылар сайысы өткізіледі. Сонау 30-шы жылдары Мәсіп Батырханұлы құс салып, аң аулап, ауылдастарын аштықтан аман алып қалыпты. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары өзінің адал көмекшісінің көмегімен ауланған аңдардың бағалы терілерін Ресейге өткізіп, содан түскен қаржыны майданға қажетті оқ-дәрі сатып алуға жұмсаған екен», — деп атап өтті Ақмола облыстық туризм басқармасы жанындағы туристік ақпараттық орталығының басшысы Данияр Идиятов.

Бұл жолғы турнирге Қазақстан Республикасы және Азия елдерінен бүркіт, ителгі, қаршыға баптаумен айналысатын  мықты құсбегілер шақыртылды. Турнир талабы бойынша аңшы құстардың қолға қондыру, шырға тарту арқылы алғырлықтары сыналады. Ақтық сынға шыққандар қоян, түлкі және қасқырға алуға салынады.

«Шараның мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, насихаттауға бағытталған», — деді Данияр Идиятов.

Еске салайық, ұйымдастырушылар 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарысқа қатысушылардың өтініштерін қабылдайды. Шараны тамашалауға ниет білдіргендерді Астана мен Көкшетау қалаларынан автобуспен тасымалдау да қарастырылған.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарысқа қатысушылардың өтініштерін қабылдайды. Шараны тамашалауға ниет білдіргендерді Астана мен Көкшетау қалаларынан автобуспен тасымалдау да қарастырылған.