Көкшетауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанынан орын тепкен орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. «Атамекен» орталығында бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп, маркетинг, кедендік рәсімдер, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және ақпараттық технологиялар салалары бойынша тегін қызмет көрсетілмек.

«Орталықта лицензиялау және қаржыландыру бойынша қолдау жасалады. Мемлекеттік сатып алу мен заң мәселесі жөнінде кеңес беріледі. Әртүрлі бағыттағы бизнестің негізі оқытылады», — деді орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов.