Шымкентте Нәзір Төреқұлов туралы деректі фильмінің тұсауы кесілді

Шымкенттегі әзіл-сықақ театрында өткен «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты шараны облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі ұйымдастырды. Басқосуға облыстық, қалалық және аудандық мәдениет мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, жастар ісі бөлімдерінің басшылары, кітапхана меңгерушілері мен студенттер қатысты.

Фильмді Оңтүстік Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі түсірен. Продюсері — тарихшы, Оңтүстік Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін құрбандары  музейінің директоры Батырғазы Серғазиев. Режиссері — алаштанушы Тілеген Ахмет.

Деректі фильмнің сценарийін жазған — ҚР Мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директор орынбасары Гүлмира Серікбаева және фильмнің консультанты — М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, т.ғ.к.Гаухарбек Тілеуқұлов.

Жиын  барысында «Нәзіртану негіздері» мен «Нәзір Төреқұлов: қоғамдық-саяси қызметі», сондай-ақ «Н.Төреқұлов: архивтік құжаттар мен материалдар жинағы» және «Н.Төреқұловтың өзбек тіліндегі шығармалары мен материалдар жинағы» атты кітаптардың  тұсаукесері өтті.

Айта кетейік, аталмыш кітаптар қосымша оқу құралы ретінде тарихшылар мен қоғамтанушы ғалымдарға жəне жоғары оқу орындарының студенттері мен көпшілік оқырман қауымға арналып шығарылған.

ДереккөзInform.kz