Құран үйрену курстары ақылы болады. Курс мерзімі алты айға созылады, ақысы – 1 миллион сум (123 доллар).
Басқарма төрағасының орынбасары, шейх Абдулазиз Мансұрдың айтуынша, желтоқсанда 700-ден астам адам Құран үйреніп, 11 діни мекемеде ашылған курстарда араб тілін үйрене алады.
Желтоқсан айында 11 діни оқу мекемелерінде ақылы курстар ашылады.
“Мұндай шешімді қабылдауға тұрғындардың өтініші түрткі болды”, -дейді шейх Мансұр.
“Жарлықта курсқа қабылданатындардың жасы көрсетілмеген, бірақ олар егде адамдарға арналған”, – деді ол.
Өзбекстанда жекеменшік мекемелерде діни білім беруге заңмен тыйым салынған.