Флойд Мейвезер рингке оралатын болды

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер тағы бір жекпе-жек өткізу үшін шаршы алаңға оралмақ. Ол осымен екінші рет мансабын аяқтау туралы шешімінен бас тартып отыр.

Алғаш рет 2015 жылы қыркүйекте бокстан кететінін ресми түрде жариялаған еді, алайда ирландиялық файтер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін шаршы алаңға қайтып келген. Оны 10-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, осыдан соң спорттан біржола кететінін жариялады. Мейвезер бұл жолы да ойланып қалған көрінеді.

Америкалық БАҚ мәліметінше, Мейвезер 51-ші жекпе-жегін өткізу үшін өзінің сенімді өкілдерімен бірнеше рет ақылдасқан, алайда бұл туралы әлі ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен, 40 жастағы Мейвезер өзінің физикалық жағдайы өте жақсы деңгейде екенін және жаттығуларды Лас-Вегастағы спорт залдарының бірінде жасап жүргенін айтты. 

ДереккөзVesti.kz