Астанада жаяу жүргінші жолына 200-ге жуық қосымша шам орнатылады

Әкім тапсырмасын жүзеге асыруға байланысты Астана қаласынның энергетика бармасы мен ІІД бірлесе отырып қаламыздағы реттелмейтін жаяу жүргінші жолдарының жарықпен қаншалықты қамтылғаның саралаған. Саралаудың нәтижесінде 200 тақау жаяу жүргінші жолының жарықпен жабдықталуы мардымсыз екені анықталған. Яғни түн мезгілінде, жауынды күндерде көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерді көреалмай қалу қаупі жоғары участектер.

«Бұл жоба Астана қаласынның барлық аумағын қамтып отыр. Жүргізілген сараптаманың нәтижесіне сәйкес біз 200-ге тақау жаяу жүргінші жолына қосымша жарық беретін шамдар орнатуды қолға аламыз. Бұл жобаға оң жаққа бұрылу жолындағы жаяу жүргінші жолымен аула ішілік жолдар кірмейді», дейді энергия көздерін жаңарту жобасының басшысы Рустам Қадыров.

Рустам Қадыровтың айтуынша, қосымша жарық қойылатын 200-ге тақау жаяу жүргінші жолының барлығына жаңартылған энергия көзімен қуаттанатын шамдар қойылмайды.

Жауапты мекемелер жүргізген сараптама нәтижесіне сай егер жаяу жүргінші жолының бойында немесе жаныңда дәстүрлі энергия қуаты келіп тұрса қосымша шамдар жарықты содан алатын болады. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда жаңартылған қуат көзімен жапдықталатын шамдар қойылатын болады. Жоба 2018 жылы толық іске асуы тиіс.