Астанада қылмыстық істер көрсеткіші төмендеді

«Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен19 қылмыстың беті ашылды. 1,9 мыңнан астам (1949) әкімшілік құқық бұзушылық пен 608 ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалада тіркелген қылмыстардың басым бөлігін өзге өңірлердің азаматтары жасаған», — деді Астана әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров.

Департамент бастығы 15 қарашада елордада 12 кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған БҚО, ШҚО және Ақмола облыстарының тұрғындары ұсталғанын айтты. Бұған қоса, элиталы көліктерді ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 983 шетелдік азамат пен (оның 336 алыс шет елдерден, 647 ТМД елдерінен) 1,3 мыңнан астам (1359) ҚР азаматы уақытша тіркеуде тұр. Тұрақты тіркеуге 2724 ҚР азаматы алынды. 85 шетелдік пен 27 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы аталған аралықта еліміздің өзге аймақтарынан және басқа елдерден келген 37 адам жасаған қылмысы үшін қамауға алынды.