Астанада ТЖД мамандары 40 мыңға жуық үйді аралады

«Пеш жағу маусымында түтінге уланудың алдын алу мақсатында Астана қаласының ТЖД мамандары жеке сектордағы 39 925 тұрғын үйге аралап, өрт қауіпсіздігінің бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 173 рейдтік шаралар өткізілді. Әсіресе тұрмыс деңгейі төмен, әлеуметтік әлжуаз топқа жататын отбасылар басты назарға алынды», — деді Астана қаласының ТЖД басшысы Барат Дұзақпаев қалалық әкімдікте өткен аппарат  жиналысында.

Аталған мәселеге қатысты Астана әкімі Әсет Исекешев Төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да құзырлы органдарға өрт қауіпсізгіне қатысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да