Астанада жаңа нөсерлік кәріз салынды

Бүгін Әсет Исекешев Есіл өзенінің сол жағалауында салынып біткен нөсер суынан тазартатын ғимаратты барып көрді.

«Жоба Астанадағы нөсерлік кәріз жүйесін дамыту барысында қаланың шкі ортасын жақсартып, жолдардың жабындысын, ғимараттар мен құрылыстардың негізі мен іргетасының сақталуын қамтамасыз етеді», — деді қалалық әкімдікте.

Тазалайтын ғимараттың қуаты тәулігіне – 19 590 кубометр (салыстырмалы түрде алсақ, бұл шамамен 4 мың жүзетін бассейн).

Айта кетейік, шелектеп жауған нөсердің суы қалалықтар мен жергілікті билікті біраз әбігерге салған болатын. Себебі, сол жағалау жақта жауын-шашыннан артылған тасқын суды кәріз жүйесі реттеуге шамасы жетпеді әрі оған орын да қарастырылмаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев көлкіген жауын суының мәселесін шешуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты, қала әкімдігі тұрып қалған суды тазарту және су тарту бойынша кешенді бағдарлама жасап шықты. Бағдарламада инновациялық технология мен техникалық шешімдермен бірге, ең үздік әлемдік тәжірибелер де ескерілді.

2017 жылдың соңына дейін тазартатын ғимарат кешені пайдалануға беріліп, Тұран даңғылынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейін және Есілден Кіші Талдыкөл өзеніне дейін су айдайтын коллектор іске қосылады.

Ал жалпы Астанада нөсерлік кәріз жүйесін дамытуды 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Оған дейін жауын-шашын мен қар суынан келетін мәселені толығымен жоймақ.