«Астана» — «Вилбярреал»: Кім жеңді?

Ойынның 22-минутында «Астана» сапындағы Жуниор Канбананга гол соқса, 40-минутында «Вильярреал» футболшысы испандық Даниэль Раба есеп теңестірді.

Екінші таймда «Вильярреал» футболшысын алмастырған Седрик Бакамбу қатарынан екі гол соғып, есепті 1:3-ке жеткізді.

Кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда, яғни 88-минутта Патрик Твумаси «Вильярреал» қақпасына гол соқты. Есеп — 2:3. Ойынның негізгі уақыты аяқталған соң қосымша 4 минут қосылды. Десе де «Астана» футболшылары есепті теңестіре алмады.

Топтық кезеңдегі соңғы тур 7 желтоқсан күні өтеді. «Астана» командасы Прагада «Славиямен» кездессе, ал «Вильярреал» өз алаңында «Маккабиді» қабылдайды.

ДереккөзBaq,kz