Бұл Серік Ахметовтың Қарағанды облысын басқарған тұста жүрген «Топар жылыжайлары» компаниясы мен Индустриалдық парктегі кәріз құбырының құрылысы кезінде талан-таражға түскен қаражат екен. Экс-премьер шығынды өтеу арқылы өзіне тағылған баптардың ең ауырын жеңілдетпек болғанға ұқсайды. Ал оның аудандық сот шешіміне жазған апелляциялық арызы ертең қаралмақ.
Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов былтыр желтоқсан айында мемлекет мүлкін талан-таражға салды, кәсіпкерлікке кедергі келтірді және заңсыз кәсіп жүргізді деген айыппен 10 жылға сотталған.