Жаһандану заманында көк жәшік тек қана шынайы сурет пен зор дыбыс ғана емес, мультимедиалық көңіл көтеру орталығына айналып отыр. Кино, музыка, ойындар, интернет, тіпті қарапайым оятқыштың өзі заманауи теледидардың құрамдас бөлігіне айналды.

Толассыз ақпараттар легі ағылған заманда, киноиндустрия дамуға әсер етуші күш ретінде танылып отыр. Соның ішінде теледидар өндірісінің технологиясы да бар.

Қазіргі күні үйден шықпай-ақ жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін бағалап, қандай қызықты дүниелер көруге болады?

Кеңістікке атылған оқ

Драма жанрындағы қызықты фильм. Фильмде түрмедегі оқиғалардың әсерінен, адамдардың өзгеруі баяндалады. Фильмнің басты кейіпкері танымал қылмыскерге ұқсағаны үшін, ұзақ уақытқа түрмеге түсіп қалады.

Sony XE9005 теледидары фильмнің шиеленіскен оқиғасын әсерлі түспен көрсетеді. Triluminos экранының қанық қара түсі болып жатқан оқиғаның ішіне толықтай енуге мүмкіндік береді.

Көліктер 3

Pixar студиясы ұсынған отбасымен көруге арналған мультфильм. Маккуин жүйрігін жаңа шытырман оқиғалар күтіп тұр. Спорт, жарыстар, бәсекелестік, арамдық пен достық таспаланған оқиғалар отбасыңызға ұнары сөзсіз. Ал Sony X-tended Dynamic Range процессорымен өңделген керемет графика, HDR-сурет сапасымен таңғалдырады.

Галактика сақшылары. 2-бөлім

Глактика сақшылары

Жұлдызды Лорд өз командасымен қайта оралды! Қызықты әрі өжет: Ракета, Грут, Питер, Гаморра және Дракс — қайтадан адам сенгісіз оқиғаларға тап болады. Достарының сөйлейтін планетамен кездесуі, Қорғаушылар көшбасшысының бала күнінен ашылмай жүрген құпиясының жарыққа шығуына әкеліп соғады.

Эффектіге толы фильмді X-Reality PRO Sony XE9005 технологиясы керемет сапада көрсетеді. Ендеше 4К бейнесі арқылы артықшылығын бағалаңыз.

Арыстан

Австралияның кедей ауданында өмір сүрген бес жасар бала жоғалып кетеді. Тірі қалған ол араға 25 жыл салып анасымен қауышады.

Драма жанрындағы фильм болып жатқан оқиғаларға аяушылықпен қарауға мәжбүр етеді. Табиғаттың керемет сұлулығын Sony XE9005 HDR экраны көрсетеді. Сіз MotionflowTM XR технологиясының арқасында жылдам өзгеретін сахналық сәттерді жібермей көре аласыз.

Логан

Логан

2024 жыл. Логан – Росомаханың басында маңызды мәселелер бар. Уақытты қайта айналдыру қабілеті өз күшін жоғалта бастады. Мутанттар мектебі жабылып, профессор Ксавье Логанның қарамағына түсіп қалады. Өжет батырдың жүргізуші болып табыс табуға тура келетінін кім білген.

Марвел жанкүйерлері Росомаханың өз қалпын жоғалтқандығы жайында ұзақ дауласуы мүмкін. Бірақ фильм драмалық және айтарлықтай әсерлі шыққан.

Ал бұл бейнені АObject based HDR remaster және Super Bit MappingTM барынша шынайы етіп жеткізеді. Ал S-Force Front Surround технологиясы көлемді дыбыс жолағын ұсынады.

Көптеген функиялардың ішінен Sony теледидарының басты ерекшелігін айту қиын. Біздің таңдауымыз нені анықтайды? Меніңше, мұнда әрбір бөлшегі маңызды. Ал ұсақ-түйекке көңіл бөлу Sony-дің визит картасына айналғалы қашан…

Сіз XE9005 теледидарларының топтамасынан керемет дизайн, жаңа, озық технологияларды көре аласыз. Бұл жарнама емес, шындық. Өйткені сүйікті фильміңізді көру арқылы, қызықты оқиғалардың кейіпкері бола аласыз.