Орман шаруашылығындағылардың жалақысы 25 пайызға өседі

«Статистика бойынша, елімізде ең төмен жалақыны ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыс істейтіндер алады. Орман шаруашылығымен айналысатындардың айлығы бар болғаны 30-40 мың теңгенің айналасында. Мыңдаған гектар жерге қарайтын Ұлттық парк директорының өзі 80 мың теңге ғана алады», -деп мәлімдеді ол.

Қайрат Үстеміровтің айтуынша, орманшылардың жалақысын көтеру үшін біліктілік талап етілетін болады.

«Бірінші кезекте бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысын 25%-ға дейін көтеруді қолға алып жатырмыз. Оған қоса, қызметкерлерден біліктілік талап ететін боламыз. Бұл да жалақыны 40%-ға дейін көбейтуге әсер етпек», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар комитетінің төраға орынбасары.

ДереккөзBaq.kz