Ақмола облысында «Театрдың ғажайып әлемі» конкурсы өтті

Театр – тек көрермендерге жеткен сиқырлы қиял әлемі ғана емес, сонымен қатар маңызды жұмыс, ал кейбір жағдайларда жақсы мектеп екені анық. Сол себепті, аудандық шығармашылық үйінің қызметкерлері балаларға түрлі іс-шаралар ұсынуға тырысады. Осындай бағыттардың бірі – КВН, сахналық шеберлік. Сандықтау ауданының аталған бағыт бойынша үйірмесінің жетекшісі – дарынды, жас оқытушы Ирина Климко.

Аудандық жастар жетекшімен бірлесе «Оның ерлігі халықтың жүрегінде» тақырыбында әйгілі тарихи тұлға Қабанбай батыр туралы қойылым дайындаған. Жас әртістер қойылымға белсенді түрде дайындалған: рөлдерді жаттаған, сахналық атрибуттар мен көрерменге көрінбейтін тағы да басқа жұмыстарды атқарған.

Конкурстық күні әділ қазылар алқасы аймақтық шығармашылық үйлерінің ұжымдары ұсынған 10 шығармашылық туындыны тамашалады. Бұл байқауда сандықтаулық «Стимул» театр ұжымы жүлделі екінші орынды иеленіп, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Өз кезегінде, театр ұжымы осы нәтижеге қол жеткізуде еңбегі сіңген әрбір жерлестеріне алғыстарын білдіреді.