Өмірді ұзартудың ең оңай жолы қандай?

Зерттеушілер жат қылықтар және адамның терісі мен көзінің айналасындағы өзгерістердің арасындағы байланысты анықтай отырып, осындай шешімге келді.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері оның биологиялық жасымен байланысты екенін білеміз. Өз жасынан үлкен көрінетін адамдардың денсаулығы өзімен құрдастардың ағзасына қарағанда нашар болады. Ал, ерте қартаюдың негізгі белгілері: көздің мүйізгек қабығының доғалдануы, құлақ сақинасындағы әжім, терідегі сары дақтар.

Ғалымдар денсаулыққа зиян әдеттер мен жас өзгерісі арасындағы байланысты анықтау үшін 1976-2003 жылдар арасында Copenhagen City Heart Study ұзақ зерттеуін жүргізіп, нәтижеге қол жеткізді. Оған 20 мың ер адам мен әйел қатысты, бірақ талдауға тек 11 613 адам алынды.

Адам темекені ұзақ тартса, терісінде сары дақтар көбейіп, көздің мүйізгек қабығы доғалданып, құлақ сақинасында әжім пайда болады. Алкогольді ішімдік ішкен адамдар да осындай белгілер ерте көрініп, тері түйіндіктері шығады. Сондықтан мұндай жат қылықтардан аулақ жүргендердің өмірі ұзақ болады.

Дереккөзbaq.kz