Елімізде ең алғашқы скретч-карта жасалды

Картаға Шарын шатқалы, Орталық Азиядағы ең биік сарқырама Бұрханбұлақ, Тамғалы тас, Тамшыбұлақ, Айғайқұм сияқты табиғаты әсем жерлер мен көптеген тарихи сәулет ескерткіштері туралы ақпараттар жинақталған.

Жоба жетекшісі Әнуар Демегеновтің айтуынша, карта алдағы уақытта тағы да толыға түспек.

«Алдағы уақытта оның қатары  толыға түседі. Тек осымен тоқталмай, бұл картаны әрі қызықтырақ, әрі тағы да нысандар қосып, картада тұрған суретке жаңағы жерлердің аңызын, тарихын, жаңағы қандай да бір өзінің қасиетті ерекшеліктері бар екенін кіргізсек деген ойдамыз», — деді ол.

Айта кетейік, туристік картадан ұзын саны 60-қа жуық киелі мекен жайлы мол мағлұмат алуға болады. Оның 14-і республикалық тізімге енген.

Дереккөз24.kz