Басты бетЖаңалықтарVolkswagen электр...

Volkswagen электр көліктерін шығаруға 34 млрд евро бөледі

Европаның ең ірі автокөлік шығарушы компаниясы электр көліктерін көбейтуге жалпы көлемі 72 млрд евро бөледі.

Компанияның бас директоры Маттиас Мюллердің айтуынша, Volkswagen компаниясы 2025 жылы әлемде электр көліктерін шығаруда нөмері бірінші болады. Сол себептен осы бағытқа көбірек инвестиция салып жатқанын айтады.

Айта кетейік, 2016 жылы Volkswagen, BMW Group, Daimler AG және Ford Motor Company  европалық электр қуаттау бекеті желілерін ашу туралы келісімге қол қойған. 2020 жылы электр станциялар саны 400-ге жетуі керек.