ЭКСПО: Франция экокөліктердің бірнеше түрін алып келді

Франция павильоны экоқала, болашақ энергиясы, экологиялық көлік салалары бойынша бөлінген. Онда француз өнеркәсібінің көшбасшы компаниялары соңғы технологиялық жаңалықтарын ұсынады.

Мәселен, 1955 жылдан бері электр көлігін дамытуды қолға алған PEUGEOT компаниясы көрме қонақтарына жиналмалы самокат, электроскутер, электровелосипед сынды экологиялық көліктердің соңғы жетістіктерін таныстырды.

Қоршаған орта мәселелерін реттеуде маңызды рөл атқаратын Франция соңғы жылдары электр көлігін жаппай қолданысқа енгізуде белсенді жұмыс істеп келеді.

2015 жылғы мәлімет бойынша, Францияда 5 мыңнан астам электр бекеті жұмыс істейді.

ДереккөзEgemen.kz