17 қарашаға арналған ауа райының болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймақтарында көктайғақ пен тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.