Басты бет / Жаңалықтар /
Almaty Promenad
Фото: Алматы әкімдігі

Қонақүй, мәдениет және демалыс аймағы: Алматыда Almaty Promenade кешені салынады

Алматының Медеу ауданы аумағында 2026–2029 жылдары жүзеге асырылатын Almaty Promenade жобасы көпфункционалды қоғамдық-рекреациялық кешенге айналады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, жобаның жалпы аумағы шамамен 30 гектар болады, ал құрылыс көлемі 317 мың шаршы метрден асады. Кешен аясында туристік, мәдени, қонақүй және коммерциялық бағыттағы нысандар біріктіріледі.

Almaty Promenade жобасының негізгі ерекшеліктерінің бірі – су инфрақұрылымын дамыту. Аумақта су арналары, көркейтілген жағалаулар, серуендеу аймақтары және демалыс орындары қарастырылған. Су нысандары кешеннің жалпы архитектуралық шешімімен үйлесімді түрде біріктіріледі. Сонымен қатар жобада қонақүйлер, сауда және қызмет көрсету орталықтары, мәдени-ойын-сауық алаңдары, жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер салу жоспарланған, — делінген хабарламада.

caa4444254ea0adee3fff4aaf4cc38f4 Қонақүй, мәдениет және демалыс аймағы: Алматыда Almaty Promenade кешені салынады
Фото: Алматы әкімдігі

Жоба жеке инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар туризм, қызмет көрсету саласы мен шағын бизнестің дамуына серпін береді. Қалалық инфрақұрылымды дамыту және инвестициялық жобаларды қолдау аясында іске асырылып жатқан бастамаға Almaty Invest қолдау көрсетеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram