Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жазда қысқы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

Қазақстанда 1 маусымнан 31 тамызға дейін қысқы дөңгелек салынған көлікті айдауға болмайды. Талапты сақтамаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, маусымдық дөңгелекті уақытында ауыстырмағандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл сома 21 625 теңге болды. Егер мұндай заңсыздық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке дейін өсіп, 86 500 теңгеге жетеді.

Сонымен қатар жаз мезгілінде тікенекті дөңгелекте жүруге де тыйым салынған. Мамандардың айтуынша, мұндай шина жол жабынын бүлдіріп қана қоймай, жоғары температура кезінде көлік қозғалысының қауіпсіздігіне де кері әсер етеді.

Қыстық шинанының жұмсақ резеңкесі ыстық асфальтта өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Салдарынан жол-көлік оқиғасы артады.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді автомат көлікпен емтихан тапсырып, механика көлік айдауға болады.