15 қарашаға арналған ауа райы: Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарына тұман түседі. Сондай-ақ, Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Айта кетейік, Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.