Шынын айтқанда, әйелдердің көбінің гүлдер мен романтиканы ғана емес, заманауи техниканы да қалайтыны анықталды. Сауалнамаға қатысқан қыз-келіншектердің барлығының 38%-ы планшет, смартфон мен ноутбуктер үшін дауыс бергенімен, ең қалаулы сыйлық – сүйікті адаммен жүздесу болып қалды, ол үшін нәзік жандардың 18%-ы дауыс берді.
Яғни, әйелдер романтикалық сыйлықты да, пайдасы бар заманауи сыйлықты да қалайтыны белгілі болды. Сosmo.ru сауалнамасына барлығы 1183 әйел қатысты. Оның нәтижесі төмендегідей:
Сіз 8 Наурызға қандай сыйлық алғыңыз келеді?
Романтикалық кездесу/кешкі ас — 18%
Жаңа ноутбук/ультрабук — 16%
Сәнді смартфон — 13%
Раушан гүлдер шоғы — 12%
Стильді планшет — 9%
Сүйікті парфюм — 9%
Брендті сөмке — 9%
Концертке билет — 7%
Жұмсақ ойыншық — 5%