Ресейде «Алтын күз — 2017» қазақ әндерінің фестивалі өтті

Өнер бәйгесінің соңғы іріктеуіне Санкт-Петербург, Астрахань, Уфа, Тюмень, Саратов және Самара сынды Ресейдің әр аймағынан 13 талантты жас әнші қатысты.

Фестивальдің бірінші кезеңінде қазақ әуендері шырқалса, екінші кезеңі шет ел музыкасына бағытталды. Шараны Ресейдегі Қазақстан Ешілігі, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы және Ұлттар федералды агенттігінің қолдауымен Қазақ диаспорасы ұйымдастырды.

Мен осы фестивальге келіп отырып, неше түрлі талантты жастарды көрдім. Оның ішінде қазақ әнін деңгейіне жеткізіп, тап-таза орындап жатқан біздің болашақ, керемет өнерпаз жастармен қауышып, өзіме бір керемет жаңалық аштым. Зал толы болды. Қолдау да керемет қазақ әніне. Әр ұлттардың, соның ішінде өзіміздің қазақ әнін басқа ұлттардың орындауында көріп ерекше көңіл күйде болдық. Ендеше қазақ әні жасасын, — деді , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АРДАҚ БАЛАЖАНОВА.

Қазақ мәдениеті тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де танылып жатыр. Негізі әлем бойынша салт-дәстүрді берік ұстанатын қазақтар көп. Оларға қолдау көрсету керек, — деді музыкант Сон Паскаль.

Дереккөз24.kz/kz