Словения мемлекеттік сайлау комиссиясының (МСК) мәліметінше, бюллетеньдердің 99,98 пайызы есептелді. Оның нәтижесі бойынша сайлауға қатысу 41,74 пайызды немесе 715 мың адамды құрады.
Дауыс беруге құқылы электораттың саны — 1,7 млн. Бұл ретте МСК дауыс беруге жарамсыз 8,8 мың бюллетень анықталғанын хабарлады. Алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін 54 жастағы Пахор өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
Айта кетейік, Словения парламенттік республика болып табылады, сондықтан президенттің құзыреті шектеулі.