Жерар Гоу «Қайрат» футбол командасынан кетті

«Бәріңізге алғысым шексіз! Сіздерді жасқы көремін. Мені өз ұлдарыңыздай қабылдадыңыздар. Футболды жақсы көретін жандарға, Қазақстанның Футбол федерациясына рахмет. Сәтті және сәтсіз ойындарда да бізді қолдаған «Қайрат» футбол клубының жанкүйерлеріне де алғысымды жеткізгім келеді.

Барлық футболшы әріптестеріме сенімді серіктестігі үшін рахмет. Біз қазақ футболын дамытуға бір кісідей ат салыстық. «Қайратты», әсіресе, мені ұлындай қабылдап, талантымды көрсетуге мүмкіндік берген президентімді ешқашан ұмытпаймын.

Осы хатым арқылы «Қайраттан» шыққанымды айтқым келеді. Бірақ өте жақын арада қазақ футболына қуаныш сыйлау үшін қайта ораламын деп үміттенемін. Сүйемін сіздерді! Алға, «Қайрат»,- деп жазды Жерар Гоу.

ДереккөзSports.kz