Ақмола облыстық ауруханасында жаңа инсульт орталығы ашылды

Аталмыш орталық 7 ауданның, атап айтқанда Целиноград, Астрахан, Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжың және Шортанды өңірлеріндегі осындай патологиясы бар адамдардың өлім және мүгедектік жағдайын азайтады. Инсульт орталығын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген.

Арнайы орталыққа ми қан айналымындағы ақауды дер кезінде анықтау үшін Revolution EVO GE — 64 компьютерлік томографы сатылып алынған. Орталық 15 адамға арналып отыр. Сонымен бірге, бөлімшеде терапия мен жансақтау бөліміне арналған тағы 3 орын бар.

Айта кетейік биылғы жылдың соңына дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы Атбасар көпқызметті ауданаралық аурухананың базасында тағы бір инсульт орталығын ашуды көздеп отыр.