13 қарашаға арналған ауа райының болжамы

Жамбыл, Қызылорда облысының аудандарында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады.