Басты бетЖаңалықтарШымкенттен «Еуропаға»...

Шымкенттен «Еуропаға» 9000 теңгемен жетуге бола ма?

Айта кетейік, елімізде футбол маусымы аяқталып, елордалық «Астана» Қазақстан чемпионатында төртінші жыл қатарынан топ жарған болатын. Одан бөлек, «Астана» командасы еурокубоктер жолында өз алаңында 17 ойын қатарынан жеңілмей келеді.

Енді, Еуропа Лигасы топтық кезеңінің артта қалған 4 турына қысқаша тоқталсақ. «Вильярреал» командасы 8 ұпаймен «А» тобында көш бастап тұрса, «Астана» испаниялық командадан 1 ұпайға кем жинап, сенімді түрде екінші орынға жайғасты. Ал чехиялық «Славия» 5 ұпаймен үшінші орынға табан тіресе, «Маккабидің» қоржынында бір ғана ұпай бар. Ал израильдік команда топтан шығатын мүмкіндігінен толықтай айрылып қалды.

Осы орайда, топтық кезеңнен шығу мүмкіндігіне «А» тобында 3 команда ғана ие. «Славия» 5-ші турда сырт алаңда «Маккабиге» қонаққа барса, «Астана» өз алаңында «Вильярреалды» қабылдайды. Ал испаниялық команда Ла-Лигада 20 қарашада «Атлетико Билбао» командасымен сырт алаңда ойын өткізіп, үш күннен кейін «Астанада» матч өткізеді. Ал 26 қараша Испания чемпионатындағы басты бәсекелесі «Севилияға» қарсы ойнайды. Оған, Ипания мен Қазақстан арасындағы уақыт айырмашылығын, ұшып келу ұзақтығын, «Астана Аренадағы» жасаңды қосыңыз және елордалық команда еурокубоктер аясында соңғы рет өз алаңында дәл осы командаға есе жібергенін ескерсек, алдағы кездесуде астаналықтар бар күшін салып 3 ұпайға қол жеткізу үшін барын салары анық.

Ал еліміздегі футбол маусымының толықтай аяқталғанын ескерсек, «Астана» — «Вильярреал» командалары арасындағы еуропалық деңгейдегі ойынды тамашалауға еліміздің барлық өңірлеріндегі футбол жанкүйерлері айтарлықтай қызығушылық танытып отырғаны рас.

Астана ФК өзге қалалардан Астанаға келетін жанкүйерлерге жол шығынының ең арзан нұсқасын есептеп көрген болатын. 

Екібастұз – Астана – Екібастұз
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3000тг
Қарағанды – Астана – Қарағанды
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3000тг
Көкшетау – Астана – Көкшетау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 5000 тг
Павлодар – Астана – Павлодар
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3600тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 22000тг
Петропавл – Астана – Петропавл
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 4500 тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 28000тг
Қостанай – Астана – Қостанай
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 5500 тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 50000тг
Өскемен – Астана – Өскемен
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 8000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 35000тг
Атырау – Астана – Атырау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 60000тг
Ақтау – Астана – Ақтау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 33000тг
Ақтөбе – Астана – Ақтөбе
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 37000тг
Орал – Астана – Орал
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 14000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 65000тг
Шымкент – Астана – Шымкент
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 9000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 32000тг
Қызылорда – Астана – Қызылорда
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 38000тг
Тараз – Астана – Тараз
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 8000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 32000тг
Алматы – Астана – Алматы
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 9000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны:30000тг

Жоғарыда елімізің ең ірі және Астанаға жақын орналасқан қалаларына қатынас құралдарының ең төменгі бағаларын арнайы қарап, ұсынылды. Бұл келіп-кету жолына қосымша шығын ретінде ойын билетінің құнын қосыңыз. Ал билеттер құны 1000 теңге мен 5000 теңге аралығында арнайы санаттарға бөлінген. Мектеп оқушылары мен студенттерге 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (зейнеткер екендігін дәлелдейтін құжаттарын көрсеткен жағдайда) ойынға кіру тегін.

Ал Астана қаласына ойын күні келетін болсаңыз, таңнан кешкі сағат 22:00-ге дейін керемет уақыт өткізуге болады. Себебі, еліміздің астанасында сіз көруге тұратын жерлер жетерлік. Одан бөлек елордалық команданың қаламызда орналасқан арнайы дүкендеріне барып, өзіңізге қажетті атрибуткаларды естелікке сатып алсаңыз болады. Егер тіпті уақыттың реті келмей жатса, ойын кезінде стадионда «Астана» футбол клубының ойын формалары (7000 теңге) мен осы матчқа арналған шарфтары (3000 теңге) сатылымда болатынын айта кетейік. Ал үзіліс кезінде стадионда тамақтану шамамен 1500-2000 теңге көлемінде.

Жоғарыдағы бағаларды ескере отырып, еуропалық деңгейдегі ойын көруге сіздің құлшынысыңыз болары анық. Себебі, соңғы үш жылда елордалық команда ғана еуропада ел намысын қорғап, еурододалардың топтық кезеңінде лайықты өнер көрсетіп келе жатқанын ескерсек, Қазақстанның басқа өңірлері үлкен футбол мерекесіне сусап қалғаны анық.

Қорытынды бойынша, Астанаға жақын орналасқан Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Екібастұз сияқты қалалардан келетін жанкүйерлерге еуропалық деңгейдегі футбол мерекесін тамашалауға орташа есеппен 15-20 мың теңге, еліміздің батыс өңірлерінен келетіндерге 90-100 мың, оңтүстік облыстардан 40-50 мың және шығыс өңірден 30-40 мың теңге көлемінде қаржы кетеді. Ал Еуропаның ең үздік 5 чемпионатындағы ең арзан билет құны 100-150 еуро (35000-45000 теңге) көлемінде екендігін ескеретін болсақ, бұл жалпы қазақстандық және «Астана» футбол клубының өзге өңірлердегі қолдаушылары үшін ең керемет мүмкіндік екендігі рас.

«Біз сіздерді 23 қараша күні ел болып, елордалық командаға жанкүйер болуға шақырамыз!»- дейді Астана ФК.