«НАСА» мен Uber 2023 жылы ұшатын такси қызметін қосады

Сынақтан үш жылдан кейін ол жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ бұл әуе таксиін қазіргідей смартфон арқылы шақыруға болады. «Uber» өз ұшақтарын жасап шығармайды, керісінше «Эмбраер» мен «Муни» сияқты өндірушілердің ұшу аппараттарын қолданбақ. Құрастырушылардың сөзінше, жаңа қызмет түрі қоршаған ортаның ластануын едәуір төмендетпек.

«Біз келіссөздерді ертерек бастап жатырмыз. Өйткені жоспарымыз барлық серіктестерімізге қазірден бастап түсінікті болуы керек»,-дейді «Uber» менеджері Джефф Холден.