9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ҚазГидрометтің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Қостанай облысында желдің күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.  Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында тұман, жел 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.