Қазақстандық көкпаршылар ковбойларға көкпар үйретпек

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына хат жазып, көкпардан бапкерлерді жіберіп, ойынды үйретуді өтінген. Соған байланысты кімдер барады, қалай барады, сапардың форматы қандай болады деген сұрақтар нақтыланып жатыр.

Бапкерлердің алыс құрлыққа сапары 2018 жылға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық ковбойлар көкпар ойынымен ЭКСПО көрмесінің аясында өткен көкпардан тұңғыш Әлем чемпионатында танысқан болатын.