Отандық «Апан» триллерінің саундтрегі жарияланды

Туындыны Қанат Сыбанов орындайды. Әннің сөзін — Мархаба Сәби, әуенін — Назарбек Оразбеков жазды.

«Апан» фильмі – әнші Бүркіттің триллер жанрында түсірілген алғашқы режиссерлік жұмысы. Фильмнің мазмұнында кейіпкерлер демалыс орнына аттанады. Олар бір қонақ үйге орналасып, керемет демалыстан үмітті болады. Алайда, сол күні кешке үйге белгісіз екеу кіріп келіп, барлық тұрғындарды тұтқынға алады.

Кинокартина 30 қарашада жарыққа шықпақ. Басты кейіпкерлерді жас актерлар Айлин Елеукенова, Бауыржан Сатов, Айым Алтынбекова, Айя Сәдуақасова және Айдар Жансейітов сомдады. Сондай-ақ, триллерге Жан Байжанбаев түсті.

Айта кетейік, фильмнің сценарийін Бүркіт пен Әли Жансейіт жазған. Ал жобаның бас продюсері — Ержан Атамқұлов.