Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысының...

Жамбыл облысының ауылына Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімі берілді

Телеарнаның мәліметінше, депутаттар мұны бірауыздан қолдады. Себебі Әлжан ана — Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп білді.

«Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында айтулы азаматшалар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше..», — деді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

«Кез-келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады. Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдацмыз. Өте орынды…», — деді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Төлепберген.

Дереккөзtengrinews.kz