БҚО-да курс аясында жылжымалы көшпелі сабақтар өтті

Қурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 29 педагог қатысты. Курстың мақсаты: ерекше білім беруді қажет (ЕББҚ) ететін оқушылардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсетуді; ЕББҚ бар балаларға жеке амалдар қолданылған түзету сыныптарының сабақтарына қатысу; инклюзивті білім беру жағдайында сабақ үдерісінде әдіс-тәсілдердің тиімділігін туралы іс-тәжірибе алмасу.

Курс аясында тыңдаушылар теориялық білімдерін тәжірибеде ұштастыру мақсатында Орал қаласының № 22 ЖОББМ-де «Білім беру кеңістігіне даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қосылуының жағдайы–кедергісіз білім беру ортасын құру» тақырыбында, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау технологиясы» тақырыбында, Орал қаласының № 19 ЖОББМ-де «Кедергісіз орта құру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім  алу кеңістігіне қосу шарты ретінде» тақырыбында өткізілген  жылжымалы тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Сонымен қатар аталған мектептердегі ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін әдістемелік және командалық жұмыстармен танысып, педагогтардың шеберлік сыныптарына куә болды. Мектеп оқушылары мерекелік тәрбиелік шаралар ұйымдастырды. Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде өткізген мектеп директорлары Ж.Төлегеноваға (№22 ЖОББМ), А.Ғұбашқа (ОКҚББАМИ), А.Жұмағалиеваға (№19 ЖОББМ) үлкен алғыстарын білдірді.